І тоқсан бойынша атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс туралы анықтама » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Б.Әлмұхамбетов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Н.Әлмұхамбетов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу бөлімі :
+7(728-40) 50-5-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » І тоқсан бойынша атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс туралы анықтама
03
ноябрь
2023

І тоқсан бойынша атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс туралы анықтама

Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектеп МДШО КММ бойынша 

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫ

                                                   ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

І тоқсан бойынша атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс туралы анықтама

(Мерзімі: 03.11.2023ж.)


1.        Жаңа оқу жылында мектептің әлеуметтік паспортын, әлеуметтік педагогтың жылдық жоспарын, айлық және апталық жоспарын бекіту туралы. 

2.        Жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» республикалық акциясы.

3.         Әлеуметтік  топтағы оқушылардың  үй-тұрмыс жағдайына сараптама, мүлкінің сақталуы жәнетолық емес отбасы санатына 3 оқушының, «29 қазан – Қамқоршылар күні» мерекесінің өткізілуі туралы.

4.        Оқушылардың жалпыға бірлей міндетті білім беру қорынан ыстық тамақпен қамтылуы.


Жаңа оқу жылында мектептің әлеуметтік паспортын, әлеуметтік педагогтың жылдық жоспарын, айлық және апталық жоспарын бекіту туралы. 2023-2024 оқу жылы барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра дәрстүрлі форматта басталды. Мектептің әлеуметтік-педагогикалық жұмысын эффективті және нақты түрде жүзеге асыру мақсатында жылдық жұмыс жоспары және айлық, апталық жұмыс жоспарлары құрылды.   Оқу жылы басында Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жалпы оқушылардың отбасы жағдайымен танысу жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар негізінде оқушылардың үй-тұрмыс жағдайын тексеру актісі жасалды. Аталмыш жоспарға сәйкес оқу жылы басында мектептің әлеуметтік паспорты жасалынды және мектеп директоры, округ әкімімен келісілді.  Жалпы мектеп бойынша оқушылар саны – 95. Оның ішінде, жетім оқушылар саны –жоқ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар саны – жоқ, аз қамтылған отбасы саны - 6, оқушылар саны – 11, көпбалалы отбасы саны – 26, оқушы саны – 48, толық емес отбасы (заң жүзінде ажырасқан/жалғыз ілікті аналар) – 4, ондағы оқушылар саны – 6, жартылай жетім отбасынан шыққан оқушылар (әкесі/анасы қайтыс болған) – 5, тәуекел топта тұрған оқушылар – 10, ЮПТБ есебінде тұрған оқушылар – 0, өгей әке-шешесімен тұратын оқушылар – 1(өгей анасымен), мектепішілік есепте  тұратын оқушы- 1.

Жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» республикалық акциясы. 2023-2024 оқу жылы барысында Н.Әлмұханбетов атындағы орта мпектеп МДШО КММ  бойынша жалпы республикалық  «Мектепке жол» акциясы жүзеге асырылуда. Акцияның мақсаты –  аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар, «Мектепке жол» акция 2023-2024 жылдың қаңтар айынан дейін жалғасын табатын болады. 

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында осы жолы аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны – 7, жартылай жетім оқушылар – 5, көпбалалы отбасынан шыққан – 16, мүгедек оқушы – 1, өгей әкесі немесе анасымен тұратын оқушы – 1, толық емес отбасынан шыққан бір оқушыға көмек көрсетті.

«29 қазан – Қамқоршылар күні» мерекесін өткізу туралы. Н.Әлмұханбетов атындағы орта мктебінде Қамқоршылар күні өтпеді. Сол себепті Қамқоршылар күні келесі тоқсанға қалдырылуын сұраймын.

Оқушылардың жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан ыстық тамақпен қамтылуы.

І тоқсан бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны  51 оқушыны құрап отыр. Арендатор есебінен әзірге 2 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.Мектепте әлеуметтік топтарына байланысты 25 оқушы қамқоршылық кеңес отрысында қаралып,бекітуге ұсынылды және 26 оқушы міндетті тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Ыстық тамақ сапасын тексеру мақсатында Бракираждық коммисия мүшелері құрылды. Бракираждық коммисия мүшелері оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын, тамақ сапасын аптасына бір рет қаралып жұмыстарын атқаруда.
 Бракираждық журналы жасалып, апта сайын жүргізілуде.Аталған коммисия мүшелеріне талапқа сай келетін ақ халат, бахилы алынып, асханаға қойылды.

Қорытынды: Әлеуметтік педагогтын  І тоқсанда атқарылған жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын


Қаулы:

І тоқсанда атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс негізінде төмендгі ұсыныстарда басшылыққа алуларыңызды өтінеміз:

  1. Ата-аналарға мектепте атқарылатын әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар туралы ақпараттар уақытылы жеткізілсін.
  2. Оқушылардың әлеуметтік жағдайын бақылау одан әрі белсендірілсін.
  3. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларды анықтау әрі қарай жалғассын.
  4. 29-қазан «Қамқоршылар күні» 2-тоқсанға қалдырылсын.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив