18
ноябрь
2022
АҚПАРАТ «Спорт- денсаулық кепілі» Спорттық іс-шара өткізу туралы
Ағымда «Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектеп МДШО- мен» КММ
«Спорт- денсаулық кепілі!» атты спорттық іс-шара бастау алды.Іс-шарамыздың басты мақсаты: Оқушылардың дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру. Оқушылырды спортқа ынталандырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Мектеп парламенті ұйымдастырылған іс-шаралар заман талабына сай өткізу. Іс-шараның жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда ДТІЖ орынбасары А.Ерденбекова іс-шаралардың өтілу барысымен таныстырып, оқушылардың белсене араласуын сұрады.
Кезекті сөзді, ұстаз ұйымдастырушы Ж.Сулейменов өз сөзінде: Құрметті оқушылар табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруларыңыз кере керек. «Денсаулық – ең басты құндылық», «Салауатты өмір салты», «Тазалық – денсаулық кепілі». Сонымен бірге, қоғамның әлеуметтік өмірін жақсарту, бос уақыттарын тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болыңыздар- деп айта кетті.
Жауапты: Ұстаз-ұйымдастырушы Ж.Сулейменов
![](http://almuhambetov.kerbulaq.edu.kz/uploads/posts/2023-02/1677084247_1677083635942.png)
![](http://almuhambetov.kerbulaq.edu.kz/uploads/posts/2023-02/1677084254_1677083653813.png)