АҚПАРАТ «Жомарт жүрек» акциясы туралы » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Б.Әлмұхамбетов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Н.Әлмұхамбетов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу бөлімі :
+7(728-40) 50-5-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
январь
2023

АҚПАРАТ «Жомарт жүрек» акциясы туралы

АҚПАРАТ

«Жомарт жүрек» акциясы туралы

 Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.

    Осыған орай, «Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектебі» КММ-де жалпыға бірдей білім беру мақсатында 10.01- 15.01.2022 ж. күндері республикалық «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Акция мақсаты: көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету.

    Осы орайда, республикалық іс-шараға қол ұшын беріп, көмекқолын созған жандар қатары азболған жоқ. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

       Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды – демекші, мектеп ұжымының және сынып жетекшілердің демеушілігімен азық-түлік, киім-кешек, ақшалай көмек көрсетілсе, акция барысында мектебіміздіңата-аналары да шараданшет қалмады. Атап өтерболсақ, ауылымыздың жеке кәсіпкерлері азаматтар өз қаражаттарынан қажеттілікті қажетететін отбасыларын азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, қуанышқабөледі.

      Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

     «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытқан жандар аз болмады.

Жауапты: Ұстаз-ұйымдастырушы Ж.Сулейменов




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив