«Әділетті тұлға боламын» пікір сайыс 7 сыныптар
Хаттама №6
Күн тәртібінде : «Әділетті тұлға боламын» пікір сайыс 7 сыныптар
Қатысқандар: 7 сыныптар
Мерзімі: «11» қараша 2022
«Әділетті тұлға боламын» тақырыбында мектебіміздің 7 сынып оқушылар арасында пікір сайыс өтті.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жалпыреспубликалық «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Мемлекет және қоғамқайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым, түрколог, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы алдына қазақ балаларына білім беруге бар күшін салу ізгі мақсатын қояды. Нағыз патриот болу, өз халқына адал және әділ қызмет ету – Ахмет Байтұрсынұлының өмір тарихы осыған үйретеді. Білімгер жастарға осы адалдық сағат арқылы ағартушының мұрасы мен өнегесі түсіндірілді. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қоғамда қауіпті індетке қарсы қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін халықтың әрбір буынына арналған тиісінше жобалар жасақтап, әртүрлі шаралар жүргізіп келеді. Соның ішінде өскелең ұрпақтың арасында қауіпті кеселдің алдын алу жұмыстары аса маңызды рөл атқарады. Әділетті тұлға боламын тақырыбын әр оқушы өзінше бірнеше қырынан ұсынып пікір бөлісті.
Қаулы : Іс-шара мектеп инстаграмм парақшасына жариялансын.
Аға тәлімгер: Ж.Сулейменов