«Болашаққа ақша емес, ақыл қалдырамын» сынып сағаты
Хаттама №8
Күн тәртібінде : «Болашаққа ақша емес, ақыл қалдырамын» сынып сағаты
Қатысқандар: 9 сыныптар
Мерзімі: « 09» желтоқсан 2022
Клуб басшысы «Болашаққа ақша емес, ақыл қалдырамын» сынып сағатын мектеп«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының белсенділерімен Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған адалдық сағатының мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру; адалдық, парасаттылық қағидаларын тәрбиелеу және мәдениет деңгейін арттыру болып табылады. Адалдық сағатқа жалпы оқушылар қатысып, белсенділік танытты. «Адалдық сағаты» онлайн республикалық акциясын өткізді. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында адалдық сағатын арнап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген бейне-дәрістің көрсетілімі ұйымдастырылды. Патриотизм, отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, құқықтық негіздерді білу және құрметтеу сияқты жеке тұлғаның қасиеттерін дәріптеу ұсынылады. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті-құқықтық сананы қалыптастыру болып табылыды.
Қаулы : Адалдық сағаты онлайн өз дәрежесінде өтті.
Аға тәлімгер: Ж.Сулейменов