«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы «Менің ұстазым» тақырыбында жас блогерлер айдары » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Б.Әлмұхамбетов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Н.Әлмұхамбетов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу бөлімі :
+7(728-40) 50-5-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы «Менің ұстазым» тақырыбында жас блогерлер айдары
09
октябрь
2023

«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы «Менің ұстазым» тақырыбында жас блогерлер айдары

Н.Әлұханбетов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығы КММ

«Мектеп парламенті»  өзін-өзі басқару ұйымның ақпараты


    «Мектеп парламенті»  өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі Ж.Сулейменов және фракция мүшелерінің ұйымдастыруымен ұстаздар үніне арналған «Менің ұстазым» тақырыбында жас блогерлер айдары  04-08.10.2023 ж арлығында ұйымдастырылды.

Мектептің басты тұлғасы, жүрегі — мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екені баршамызға ақиқат. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! 

    Ұстаздарды мереке қарсаңында ұстаз тұлғасын ұлықтау мақсатында «Жас блогерлер» айдары ұйымдастырылды. Бұл шараға 9-10-11 сынып  оқушылары қатыстырылды. Оқушылар өз ұстаздары жайлы инстаграмм парақшаларына көптеген мәліметтер таратты. Білім нәрімен суындатқан ұстаздарына алғыстарын айтып, өлең жолдарын арнап, ұстаз тұлғасы ең биік шың екенін айтып өтті. Мектеп президенті Нұрмұханбет Анеля барша ұстаздар қауымын өз инстаграмм парақшасында құттықтап өтті. Жоғарыда айтып өткендай ұстаздар күніне орай Өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздарға арнап жоспардан тыс мерекелік іс-шара ұйымдастырды.   Мерекелік шара барысында оқушылар ұстаздарды мектеп ауласынан күтіп алып құрмет көрсетті, әрі қарай бұл шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мектеп парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымы өз жұмысын тиісті деңгейді атқарып жатыр.


Педагог-ұйымдастырушы:         Ж.Сулейменов

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив