“Қарттарым-асыл қазынам“ атты «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының анықтамасы » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Б.Әлмұхамбетов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Н.Әлмұхамбетов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу бөлімі :
+7(728-40) 50-5-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қарттарым-асыл қазынам“ атты «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының анықтамасы
03
октябрь
2023

“Қарттарым-асыл қазынам“ атты «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының анықтамасы


Мектеп«Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ

Анықтама


   «Қарттарым аман жүрмісің» кездесу.

    Мектебімізде “Қарттарым-асыл қазынам“ атты «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының қатысуымен тамаша іс шара аталып өтті. Іс шараға ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары шақырылды.
 Қарты бар үйдің-қазынасы бар. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі.

Төрінен қарт кетпесін деп тілеген халықпыз. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу- біздің ата дәстүріміз, қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.

   Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке шешесі және атасы мен әжесі секілді қымбатты «Қонағы» болса, ол үйіне олардың артық Құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын , егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап , қамқорлық жасаса , қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген   ата-ана әр кезде де бақытты

   Қәзіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп , көңіл аударып , жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектермен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелеріміздің еңбегі ерекше.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар-біздің асыл қазынамыз.Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
   Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

«Бабаларым, рахмет сендерге!
 Балаларым болмасын деп бос кеуде,
 Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
 Өмірге мен мылқау болып енгенде
 Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай

міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
 Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме? Өзің қарттарды қалай құрметтейсің? Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан көмек сұрайды. Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете барды. Сіз не істер едіңіз?

Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Көзінде мұң, қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі келіп, әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің? Баласының пікірі туралы не айтар едің?

Өзіңе жақсы таныс, жиі араласатын құрбыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі, сыйламайды. Айтқандарын тыңдамайды. Танысыңа қандай кеңес бере аласың? Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба?

Жалғыз тұратын қарт көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. Отын-су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?

Әр оқушының пікірінен кейін өз ойларын айтып, оқушы жауабына сараптама жасады. Атаулы күн мектеп төңірегіндегі құрметті ақсақалдар мен әжелерімізді мектеп педагог-ұйымдастырушысы мен мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы белсенділерімен кездесу,әңгіме өткізілді.


        Мектеп педагог-ұйымдастырушысы:                         Ж.Сулейменов             


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив