І-ші тоқсанда тәрбиенің кешенді бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы А қ п а р а т » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Б.Әлмұхамбетов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Н.Әлмұхамбетов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу бөлімі :
+7(728-40) 50-5-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » І-ші тоқсанда тәрбиенің кешенді бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы А қ п а р а т
31
октябрь
2022

І-ші тоқсанда тәрбиенің кешенді бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы А қ п а р а т

Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022-2023 оқу жылы І-ші тоқсанда   тәрбиенің кешенді бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы

А қ п а р а т

  2022-2023   оқу жылының  тәрбиенің  кешенді   бағдарламасы  бойынша төмендегідей іс-шаралар атқарылды:

Қазан айында қарттар күніне орай мектепте 1 қазан  – Қарттар  күніне арналған «Қарттары бардың – қазынасы бар» атты салтанатты мерекелік жиын болып өтті. Мерекелік жиынға ауылдың қарт адамдары   шақырылды.Оқушылардың мерекелік қуанышы мен шаттығын бөлісуге құттықтау сөз Талдыбұлақ ауылдық округінің мәдениет үйінің директоры Сопанова Райгүл Нұрғазымқызы мен және біздің ауылдың зейнеткер  ұстазы  Айткул   апайға берілді.4-8-сыныптың оқушылары   еліміздің, мектебіміздің болашағы, балғындай балдырғандар өлең оқып, ән-би орындады.Өтетін жер  мерекеге сай  салтанатты түрде безендірілді. Салтанатты жиыннан кейін қарт адамдарға мектеп ұжымы атынан сыйлық ұйымдастырылды. Қарт адамдар ризашылықтарын білдірді. Мектебімізде 28 қыркүйек пен  5 қазан аралығында ұлы мамандық иелеріне арналып, «Ұстаз деген жарық күні ғаламның» тақырыбында апталық өткізілді. Апталықтың  мақсаты- ұстаздар күні –бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке.Ұлы ғұламалардың  да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне  апта арнап, төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету. Өз мамандығымызды сүю, жалпы ұстаздықтың  терең сырларын ұғыну ,бір-бірімізбен тәжірибе алмасу болды. 28 қыркүйек күні апталықтың  ашылуы болды. Апталықта  сынып   жетекшілер, оқушылар жоспармен танысып,сол жоспар бойынша өтілді. Мектептің әлеуметтік педагогы Мұхатай Айгерім Мұсабекқызының ұйымдастыруымен «Мың алғыс сізге!» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылып,ұстаздарға арнап тақпақ , тренинг, ойындар өтті. «Ұстаз деген жарық күні ғаламның» атты 5,10 сыныптардың ұйымдасуымен жоғары деңгейде мерекелік жиын өтті.  Мерекелік жиынға ауылдың қарт ұстаздары ,  ата-аналар шақырылды. Мектеп директоры Артықбаева Нұргүл Қабылдақызы  ұстаздарды мерекемен құттықтап сөз сөйледі.Оқушылардың мерекелік қуанышы мен шаттығын бөлісуге құттықтау сөз Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі  Қашқынбаев Марат Метербайұлы мен Талдыбұлақ ауыл округінің мәдениет үйінің директоры Доспанбетова Райгүл Нұрғазымқызы және біздің ауылдың зейнеткер  ұстазы Бектенова Қатира Сүндетбайқызына   берілді. Мектеп және сынып бөлмелері салтанатты түрде безендіріліді. Салтанатты жиыннан кейін. Ұстаздар қауымы ризашылықтарын білдірді.



25 қазан Республика күніне орай апталық өтті.Апталықта бастауыш сыныптар мәнерлеп оқудан жарыс ұйымдастырылды. Мәнерлеп оқудан жарыста 2-сынып оқушысы Жаңғазы Балауса,Қален Айзере, Аман Азамат,Әбдісадық Нұрахман,Асқар Ерсайын 1-орын алды, 3-сынып бойынша Талғатқызы Айша, Исагулова Аяна, 4-сынып бойынша Асқар Дильназ,Ерлан Жәния, Нұрмұханббет Айқын өз мәнеріне келтіріп оқыды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шынар Баймолдақызының ұйымдастыруымен эссе,диктант алынды. 2-4 бастауыш сыныптар диктант алынды. Айгерім Мұсабекқызының ұйымдастыруымен 4-7  сыныптар арсында бейнеролик түсірді. Апталықта  Республика  күніне арналған «Елім деп соққан жүрегім » атты салтанатты мерекелік жиын болып өтті. Мақсаты: Мемлекеттік рәміздерді, өз елінің дәстүрлерін, тарихын, мәдениетін, Қазақстан Республикасының Конституциясын мақтаныш ету және құрметпен қарау сезімін жандандыру. Мерекелік жиынға ардагер ұстаз,  ата-аналар шақырылды. Мектеп директоры Артықбаева Нұргүл Қабылдақызы оқушыларды Республика күнімен құттықтап сөз сөйледі.Оқушылардың мерекелік қуанышы мен шаттығын бөлісуге құттықтау Талдыбұлақ ауыл округінің әкімі Қашқынбаев Марат Метербайұлы және біздің мектептің5,10-сыныптың оқушылары өздерінің өлең оқып, ән-би орындады. Сынып сағатына ата-аналар, ардагер ұстаздар қатысты.   І-ші тоқсанда «Мектеп лигасы»  аясында өткен футбол жарысында 5-6 сынып арсында мақтау қағаздарымен марапатталды. 5-сынып оқушысы үздік қорғаушы Құдайберген   Арлан, үздік қақпашы Жексембеков Эльдар марапатталды. 7-8 сынып оқушылары арасында өткен футбол жарысында ІІ-орынды иеленді. Үздік шабуылшы8-сынып оқушысы  Марат Бексұлтан, үздік қақпашы 8-сынып оқушысы  Әбдіқалық Диас мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ұсыныс:  І тоқсандағы тәрбие саласы «қанағаттанарлық» деп танылсын



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив