«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысын сайлау жиыны 5-11 сыныптар » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Б.Әлмұхамбетов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Н.Әлмұхамбетов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу бөлімі :
+7(728-40) 50-5-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысын сайлау жиыны 5-11 сыныптар
07
сентябрь
2022

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысын сайлау жиыны 5-11 сыныптар

Хаттама №2

Күн тәртібінде : «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысын сайлау жиыны 5-11 сыныптар 

Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары 

Мерзімі:  «7»   қыркүйек 2022

Білім алушыларды азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне, адамгершілік сезімдерге еңбек сүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу. Кітапханада мектеп білім алушылары, педагогикалық ұжым, жалпы азамат үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру . Осы мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие құрамында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) тәрбиенің Концептуалдық негіздеріне, мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие  құрамында қалыптастыру Бағдарламасына сәйкес әзірленіп Сәбит Мұқанов атындағы  жалпы орта мектебінің 5-11 сынып оқушылары үшін жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс шараларын қамтыған тәрбие жұмысын жүргізу ретін анықтайды.  Осы бағдарламаның мақсаты жоғары адамгершілікті, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат пен патриот қалыптастырып дамыту.Осыған орай мектебімізде елімізде орын алып отырған жағдайға байланысты «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысын сайлау жиыны 5-11 сыныптар (қашықтықтан) ұйымдастырылды.Сайлаудың болатыны мектептің 5-11 сынып жетекшілеріне хабарлама беріп әр сыныптың вацап желісі арқылы хабарландыру берілді. Қосымша мектебіміздің инстограмм,фезбук парақшаларына хабарландыру берілді.Белгіленген мерзімде үміткерлер
 1) рухани-игіліктілік пен азаматтық- патриоттықты  тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
 2) білім алушылардың мемлекеттік үкімет  институттарына  сенімін арттыру;
 3) білім алушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
 4) білім алушылардың жемқорлыққа қарсы сипатты игілікті-әдептік құндылықтарын  қалыптастыру мвақсатында өз бағдарламаларын ұсынып видеоролик дайындады.Видеороликтер әлеуметтік желіде жарияланып еңкөп дауыс жинаған оқушы 
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысы
 сайланды.

 «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі Э.Ж.Султанбаева  «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысымен ZOOM платформасы арқылы жиын өткізіп клуб жұмысын түсіндіріп,жоспармен таныстырды.     рухани адамгерщілік және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру туралы түсіндірілді. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір істердің шапағаты туралы түсінік беріледі. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез – құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Қанша қауіпті болып көрінсе де, сіз әрқашан ақиқатты қалаңыз, соңы сәтті болады. Осыны ұстанған азаматтарымыз парасатты азамат болады. Халыққа әділетті,қоғамға тең қарайтын ұрпақ, парасатты азаматтар тәрбиелеу деген мақсатта мектебіміздің кітапханасында үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» атты кітапханалық бұрыш бойынша білім алушыларға түсіндіру жүмыстары жүргізілді.

Қаулы : Тыңдалды,жұмыс жоспарға сай жүргізілсін. 



Аға тәлімгер:                                        Ж.Сулейменов


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив