«Жемқорлыққа жол жоқ» қабырға газеті шығару » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Б.Әлмұхамбетов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Н.Әлмұхамбетов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу бөлімі :
+7(728-40) 50-5-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
октябрь
2022

«Жемқорлыққа жол жоқ» қабырға газеті шығару

        Хаттама №4

Күн тәртібінде : «Жемқорлыққа жол жоқ» қабырға газеті шығару 

Қатысқандар: 5-6-7 сыныптар (қашықтықтан, фото, видио жасау)

Мерзімі:  «07»  қазан  2022

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай,  сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет! Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді. Бір қорқыныштысы - сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал  келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.

Бұл әлеуметтік қауіпті құбылыспен күресудің өзектілігі бірқатар жағдайларға негізделген:

● сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерінің шындап бұзылуына әсер етеді;

● сыбайлас жемқорлық қылмыстың субъектілері әдетте жоғары қоғамдық жағдайда болады;

● әбден жетілдірілген зияткерлік тәсілдермен айналысу; бұл құбылыс әртүрлі жағдайларға үздіксіз өзгере және жетілдіріле отырып бейімделеді;

● осы іс-әрекет келтіретін үлкен материалдық және моральдық шығын;

● ерекше беймәлімсіздік – бұл құбылыс туралы толық деректің немесе көрнекі дәлелдің жоқтығы, қылмыстық сотқа тартылатын кінәлі тұлғалардың аздығы және олардың тек бірен-саранына ғана шынайы қылмыстық жаза қолданылуы;

● сыбайлас жемқорлық тек жасырын сипатта ғана емес, сонымен қоса келісімді түрде жасалады, қағида бойынша ол өз артынан шағым тудырмайды, өйткені кінәлі тараптар заңсыз жасалған мәміледен өзара тиімді пайдаға ие болады;

● сыбайлас жемқорлық  әрекеттер әдетте кәсіби емес адамның тексеріп қарауына қиын соғатын күрделі өзіндік және құпия мемлекеттік қызмет түрлерінде жасалады;

● сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппаратқа деген шынайы сенімді жойдырады, оның беделін түсіреді;

● аталмыш құбылыс мемлекеттік өкімет құрылымдарында тез тарайды;

● шын мәнісінде, заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар сыбайласқан лауазымды тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінің объектісі бола алады.

Жоғарыда айтылған тізім жеткілікті толық болып табылмайды, бірақ соның өзі де дәл қазіргі кезде  сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша теориялық ережелерді дайындауда, сондай-ақ күнделікті әрі тәжірибелік жұмыстар жүргізуде  өткір қажеттілікті талап ету уақытының келгендігі туралы  куәландырады. Алайда қандай да бір құбылысқа қарсы тұруға шақырмас бұрын, сол құбылысты анық және нақты түрде анықтау  қажет және ол жамандықтың шығу себептері мен механизмін   талдап қарастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жосапрына сай   «Жемқорлыққа жол жоқ» қабырға газеті шығару байқауы қашықтықтан өтті.

«Суреттер де сөйлейді»

 «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы сурет салу конкурсы өз мәресіне жетті. Игі шараға ұйытқы болған  мектеп аға тәлімгері Э.Ж.Султанбаева  

Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған   конкурсқа  2  мен  11-ші   сынып  оқушылары қатысты.  

Әр  туынды  мектеп оқушыларының  ой-қиылынан шыққан.  Кез -  келген суретке қарап    жемқорлық   адам  баласын  жақсылыққа   апармайтынын  айтпай –ақ   түсінуге  болады.  Үздік  деп  танылған  5 оқушы арнайы дипломмен марапатталды.

Қаулы: Байқау жұмыстары мектеп әлеуметтік желі парақшаларына жариялансын.Үздік жұмыстар марапатталсын. 


Аға тәлімгер:                                        Ж.Сулейменов







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив