«Ой тазалығы – жан тазалығы» дебат » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Б.Әлмұхамбетов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Н.Әлмұхамбетов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу бөлімі :
+7(728-40) 50-5-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2023

«Ой тазалығы – жан тазалығы» дебат

Хаттама №11

Күн тәртібінде : «Ой тазалығы – жан тазалығы» дебат

Қатысқандар: 10 сыныптар

Мерзімі: « 26»  қаңтар 2023


Дебат – бұл нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық 

пікір алмасу, өзекті тақырыптар бойынша пайымдаулар, ой-пікірлер;

- бұл жарқын, ойын-сауық зияткерлік ойын, танымал қызмет түрі, белсенді 

жастардың – қоғамның болашақ көшбасшыларының келешегі;

- бұл білім алушылардың бойында сыни ойлауды, төзімділікті, шешендік 

(өнерді) шеберлікті, әртүрлі көзқарастарға құрметпен қарауды, серіктестік қарымқатынасты, командада жұмыс істей білуді, мәселелердің мәніне зейін қоюды және 

идеяларды қорғау қабілетін қалыптастырудың қуатты зияткерлік құралы.Дебат қозғалысының жалпы стратегиясы, мақсаты мен міндеттері бар, ол 

мектеп оқушыларын еліміздің әр өңірінде дебаттық орталықтар, клубтар құру 

арқылы дебаттық қозғалысқа жаппай тартуға бағытталған. 

Дебаттық қозғалыстың мақсаты: қоғамда орын алатын мәселелерді жариялы

талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және 

шығармашылық белсенділігін арттыру.

Дебаттық қозғалыстың міндеттері:

білім алушылардың бойында құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, 

жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлау, даулы жағдайларды 

дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін қалыптастыру;

дебаттық қозғалысты насихаттау, қолдау және дамыту;

білім алушыларды дебаттық қозғалысқа жаппай тарту, мәдени-демалыс және 

ағарту қызметінің инновациялық модельдері мен технологияларын пайдалана 

отырып, еліміздің әрбір өңірінде, білім беру ұйымдарында дебаттық орталықтар, 

клубтар құру;

дебаттық қозғалысты ресурстық қамтамасыз ету – кадрлық әлеует, 

материалдық-техникалық база, қаржыландыру.

Дебаттық қозғалысқа қатысушылар ашықтық, жүйелілік, еріктілік, 

ізгілендіру, қолжетімділік, адалдық және әріптестерді құрметтеу қағидаттарын

басшылыққа алады.

«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық 

мәдени-білім беру жобасының ережесі «Қазақстан Республикасында білім беруді 

және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 35-тармағына сәйкес 

және халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленді.

Әлемдік тәжірибеде жастардың Дебаттық қозғалысы бірегей әлеуметтік 

құбылыс болып табылады. Бүгінгі таңда халықаралық дебаттар білім беру 

қауымдастығы (IDEA) 50 елде 60-тан астам тілде дебат өткізеді. 

IDEA-ның негізгі міндеті – оқушылар мен педагогтерге өздері тұратын 

қоғамның өмірі мен дамуына әсер ететін мәселелерді талқылауға мүмкіндік беру; 

қоғамның барлық топтарының өкілдерін қатысуға ынталандыратын Дебаттық 

клубтардың кең желісін құру.

Осыған орай Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектебінде  дебат клубы құрылған. Бұл жаңа бастаманы мектебіміздің 6-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Алғашқы дебат  «Ой тазалығы – жан тазалығы» атты тақырыбында өтті.Дебаттан соң мектебіміздің оқушылары арасында дебат клубының жұмысы  нәтижелі болуы үшін WatsApp  желісінде топ ашылып, бағыт бағдар көрсету алаңы жұмысына кірісіп кетті. 


Қаулы :  Келесі іс-шараға барынша оқушылар түгел қамтылсын. Іс-шара мектеп инстаграмм парақшасына жариялансын.

Аға тәлімгер:                                        Ж.Сулейменов




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив