« Рәміздер» туралы Заңның орындалуын тексеру қорытындысы туралы А н ы қ т а м а » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Б.Әлмұхамбетов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Н.Әлмұхамбетов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу бөлімі :
+7(728-40) 50-5-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Рәміздер» туралы Заңның орындалуын тексеру қорытындысы туралы А н ы қ т а м а
06
декабрь
2022

« Рәміздер» туралы Заңның орындалуын тексеру қорытындысы туралы А н ы қ т а м а

Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын

            орталығымен  коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша

желтоқсан айында « Рәміздер» туралы Заңның орындалуын тексеру қорытындысы туралы

А н ы қ т а м а

2022-2023  оқу жылында Мемлекеттік  Рәміздерді   насихаттау мақсатында төмендегідей   іс-шаралар  атқарылды:  Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін қолдану рәсімі туралы ереже, оқу орындарында мемлекеттік атрибуттарды қолдану және орналастырудың тәртібін реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану туралы Конституцияның Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру тәртібі мектепте орындалған. 

   Мектепте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеу мақсатында «Менің мақтанышым – Ұлттық  рәміздер» атты  тақырыптарда   сынып жетекшісі сынып сағаттарын және «Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу-ұлттық, патриоттық сезімді қалыптастырудың кепілі» тақырыбында үлкен сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді.

    1-4 сыныптарда «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында әңгіме өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды елінің Туын, Елтаңбасын, Гимн қастерлеуге халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.                                                                        

          «Рәмізге құрмет – елге құрмет» атты тәрбие сағаты 6-7 сынып оқушыларымен сынып жетекшілердің жауапкершілігімен өтті. Онда оқушыларды үш топқа бөлінді, әр топқа  үй  тапсырмасы   берілген. Сондықтан тәрбие сағаты жарыс түрінде өткізілді. Әрбір жақсы ақпарат, мәліметке, оқушылардың сөйлеу мәнеріне, өзін-өзі ұстауына қарай жұлдызшалар берілді. 

        «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен танысайық» атты таным сағаты 

    5-6 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Бұл шарада оқушылар аталған Заңмен таныса отырып, мемлекеттік рәміздердің орналастыру және пайдалану тәртібімен, оларды қолдану мен насихаттау бойынша ұсыныстармен таныстырылды. 

     Мектеп оқушыларынан  Қазақстан   Республикасының  Мемлекеттік Рәміздері туралы білім деңгейін анықтау мақсатындағы  сұрақтарға   тест алынды. Оқушылардың   жауаптарының нәтижесі олардың   Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік  Рәміздері  жайындағы   білімдерінің қанағаттанарлық   деңгейде  екендігін  байқатты.

Ұсыныс:

1. ҚР рәміздерін құрметтеу және патриоттық тәрбие беру қанағаттанарлық деп    есептеу

Дайындаған: ДТІЖО  А.Ерденбекова 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив