«Ар ұждан – адамдық өлшемі» дөңгелек үстел » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Б.Әлмұхамбетов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Н.Әлмұхамбетов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу бөлімі :
+7(728-40) 50-5-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ноябрь
2022

«Ар ұждан – адамдық өлшемі» дөңгелек үстел

Хаттама №7

Күн тәртібінде : «Ар ұждан – адамдық өлшемі» дөңгелек үстел 

Қатысқандар: 8 сыныптар 

Мерзімі:  «24»  қараша  2022

«Ар-ұждан – адамдық өлшемі» тақырыбы «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жосапрына сай мектебіміздің 8 сынып оқушыларымен   дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ар-ұждан, намыс, ұят, абырой туралы дұрыс, жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, оларға адалдық пен әділдік, әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділікпен мейірімділік, ізгілік пен имандылық қасиеттердің бәрі ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайтыны туралы түсінік беру.
 - адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін аша отырып, адам өмірін реттеуші, адами абзал қасиеттердің өлшемі екенін таныту. 

- «Ар-ұждан» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

- ар тазалығына жету үшін өз әркетін талдап кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы адамдық биігіне өздігінен көтерілуге, ар-ұждан тазалығына баулу. 

- өмірлік әрекетіне, өз мінез құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу, мүмкіндігін дамыту. 

Барысы: 

Пікірлесу сұрақтары
 1. «Ар»; «Намыс»; «Абырой»  сөздерінің мағынасын ашу

2. Бейнебаян.(Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!)

3. «Ақылды болсаң, арыңды сақта, 

Ар-ұждан керек әр уақытта» нақыл сөзі оқылады, мағынасы талданады. 

4. Адамның іс-әрекетін ақиқат, шындық пен әділдік жөніндегі ұғымдарын талдау. 

5. Адамның өз кемшілігін білуі не үшін қажет?

6. Ар-ұждан адамға табиғаттан берілетін қасиет пе?

7. Бейнебаян.(Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлық пен қарсы іс-қимылдар туралы бейнеролик)

«Ұят-жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық. Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар-адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. Адамдық пен ар-ождан, әдептілік пен сыпайылық – сатылмайтын қымбат асыл тас.Ар,намыс,абырой – бұл адамның қадір қасиеті.Әрдайым қадір қасиетімізді бағалап,қадірлей білуіміз керек.Өз бойымызға әділдік,адалдық,ар-намыс,ұят ,абырой,жомарттық қасиеттерін сіңіре білген ұл қыздарымыз иманды да,әдепті деп танылатыны сөзсіз

Қаулы : Іс-шара мектеп инстаграмм парақшасына жариялансын.


Аға тәлімгер:                                        Ж.Сулейменов







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив