«Бес асыл іс» қайырымдылық акциясы » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Б.Әлмұхамбетов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Н.Әлмұхамбетов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу бөлімі :
+7(728-40) 50-5-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
декабрь
2022

«Бес асыл іс» қайырымдылық акциясы


Хаттама №9


Күн тәртібінде : «Бес асыл іс» қайырымдылық акциясы 

Қатысқандар: 5-6-7 сыныптар 


Мерзімі:  «29»   желтоқсан 2022

Қатысушылар акцияның бірінші күні қазақ әдебиетінің үздік туындыларын көпшілікке насихаттау жұмыстарын жүргізді. Кемел Тоқаевтың шытырман оқиғалы туындыларын ұсынды. Қатысушылар сондай-ақ өз follower-лерін Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовтен бастап бері қарай Жұбан Молдағалиев, Шыңғыс Айтматов, Қабдеш Жұмаділов, Сайын Мұратбеков, Асқар Алтай  және тағы басқа қазақ әдебиетінің жауһарлары шығармаларын оқуға шақырды.

«Екінші асыл іс» аясында акция қатысушылары түрлі қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, мейірім мен еріктілікті насихаттады.Алғашқылардың бірі болып үлгі көрсеткен дене шынықтыру мұғалімдері мектептің әлеуметтік жобаларының маңызы туралы жазды. Зияткерлік мектеп оқушылары мен ұстаздары бұл күні бұдан бөлек үйсіз жануарларға да қамқорлық танытты.

«5 АСЫЛ ІС» акциясының жексенбі күні нағыз шығармашыл жандардың онлайн көрмесіне айналды. 7-сынып оқушылары суреттер сериясын адал қала  тақырыбына  арнаса, өңір аудандарынан келген зияткерлер туған ауылын желідегі достарына таныстырды. Бұл күні қатысушылар бейбіт күнінің құндылықтарын бейнелеу арқылы Тәуелсіздікті жақындатқан ата-бабалар рухына тағы бір тағзым етті.

Өмірлік ұстанымды қалыптастыру, рух пен моральдық-адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатындағы акцияның төртінші күні  қатысушылар жырдан шашу шашты. Әлеуметтік желілерде өлеңқұмар оқушылар Күләш Ахметова, Ұлықбек Есдәулет, Бақытбек Смағұл, Қалқаман Сарин және тағы басқа ақындардың Отан туралы өлеңдерін оқыды.

«Бесінші асыл іске» туған жеріміздің түрлі саласында қажырлы еңбек еткен немесе қызмет атқарып жүрген  қарапайым еңбек адамдары – ұстаздар, мүмкіндігі шектеулі қайсар жандар, өмір жолында бағыт берген аға-апалар арқау болды. арналды. 9-сынып оқушылары еліміздегі жағдайға байланысты медеңина қызметкерлеріне арнады. – Құтқарушының басты қасиеттері – психологиялық тұрақтылық пен жанашырлық. Өз кәсібіне берілген осындай адамдарды біле отырып, мен өз өміріме және жақындарымның өміріне алаңдамаймын, – деп жазды Әлия.

Қатысушылар бес күн аралығында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында  100-ден астам жарияланым жасады. Сонымен қатар акцияға Н.Әлмұханбетов атындағы  жалпы орта  мектебінің  жас достар да белсенді үн қосты



Қаулы: «Бес асыл іс» қайырымдылық акциясы өз дәрежесінде өтті. 


Аға тәлімгер:                                        Ж.Сулейменов






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив